Үлкен Нарын ауданында 4 үй салынып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:11 0

Былтыр Үлкен Нарын ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 24 үй салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов осы жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 4 үй салынып жатқанын атап өтті. 

– Бүгінгі таңда бізде кезекте көпбалалы ата-аналар жоқ. Қазіргі уақытта жалпы 167 тұрғын кезекте тұр. Осы жылы орталық қазандыққа қосып, екі қабатты шағын үйлер салу жоспарда болған. Бірақ қаражаттың жетіспеуінен ол жоспар келесі жылға шегерілді. Осы жылы 4 үй салып жатырмыз, – деді Елдос Байрахметов. 

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы қолға алынып, әр ауданда тұрғын үйлер бой көтере бастады. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы көпбалалы отбасыларды және азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив