Үлкен Нарын ауданында екі ауыл таза ауызсумен қамтылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:00 0

Үлкен Нарын ауылында су құбырлары желілерін және құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметовтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Көптеген жылдан кейін алғаш рет тұрғындардың өтініші бойынша Көктерек және Малонарым ауылдарында орталық су құбырлары салынды. Нәтижесінде, аталған ауылдар толық таза ауыз сумен қамтылды.

– 2025-2026 жылдары Алтынбел, Үштөбе, Солдатово және Көкбастау ауылдарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру арқылы көрсетілген мерзім соңына дейін елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді, – деді аудан әкімі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив