Зайсан ауданында мәдениет ошақтары жөнделіп, спорт нысандары салынып жатыр. Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы мәлімдеді.
Айнабұлақ ауылында спорт модулі салынып жатыр. Жобаның құны 537,9миллион теңге.
Сарытерек ауылының мәдениет үйі 345,1 миллион теңге жөнделіп жатыр.
Зайсан қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталуға жақын. Бұл жобаның жалпы құны 4 миллиард теңге болады.
Алдағы жылдары Сарытерек, Дайыр ауылдарында спорт модульдері салынады. Аудан әкімінің айтуынша, құжаттар дайын, бюджеттік өтінімдер облыстық салалық басқармаларға жолданған.