Катонқарағайға 10 елден әнші-жұлдыздар келе жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-06-2025, 16:06 0

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне 10 мемлекеттен келген өнерпаздар қатысады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Фестиваль аясында түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениетін бейнелейтін тарихи қойылым қойылады. Фестивальдің әнұраны орындалғаннан кейін, еліміздің және шет елдік әртістер өз өнерлерін ортаға салады. 

Музыкалық іс-шараға шет елдерден мына өнерпаздар қатысады:

Архан Уйгу (Саха Республикасы) - «Домбра»

Алексей Ховалыг (Тыва Республикасы) – «Дембилдей»

Болот Байрышев (Алтай Республикасы) – «Очы Бала» эпосынан үзінді

Мухаммед Торебеков (Қарақалпақстан) – «Адыннан»

Дильмурад Гульмурадов (Өзбекстан) – «Журтим мени»

Миржавад Джафаров (Әзірбайжан) – «Aman ayriliq»

Нұрайым Акылбекова (Қырғызстан) – «Жалгызымсын»

Мухаммед Али Учар (Түркия) – «Han Sarhos Altyapi»

DEFNE (Татарстан) – «Yelan», «Yozek»

Юлиана Кривошапкина (Саха Республикасы) – «Уруйдаа! Айхаллаа!»

Субедей Самдын (Моңғолия) – «Амар сәлем», «Taiga»

         Еліміздің атынан Құралай Мейрамбек, Қобыланды Болат, Ернар Садирбаев және «Абырой» мен «Музарт» топтары қатысады.

Фестивальдің жалпы мақсаты – түркі халықтарының бірлігін, рухани байлығын және ортақ тарихи мұрасын дәріптеу.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив