Зайсандағы 8 ауылдың қашан газбен қамтылатыны белгісіз

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:45 0

Зайсан ауданының 8 ауылына газ құбырлары қашан тартылатыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

  Зайсанда 9 ауыл елді мекені газбен қамтамасыз етілген. Бұл ауданның жалпы халқының 78%-ын құрайды. 

Қалған ауылдарына газ құбырлары әлі орнатылған жоқ. 

Жобалау-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіп, сараптаманың оң қорытындысын күтіп отыр. Одан кейін, Энергетика министрлігіне қаржыландыру үшін өтінім беріледі. 

«Зайсан ауданының 8 ауылына газ құбырын салу жобасы бар. Бірақ, жобаға қаражат әлі бөлінген жоқ. Сондықтан, газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қашан басталатыны нақты белгісіз.»,-деді аудан әкімі Аэлита Ахметсалимқызы.

Әкімдік өз кезегінде Энергетика министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелеріне Сарыбұлақ кен орнын жете барлауды енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив