Самар ауданы ауқымды жаңғыру кезеңінде. 2025 жылдың басынан бері инженерлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымға 1,7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл қаражат ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендерде жайлы орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Самарды туризмнің төріне айналдыру мақсатында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Сарыбел және Миролюбовка ауылдарында заманауи көше шамдары орнатылуда. Жаңа жарық бағаналары Самар ауылындағы және оның айналма жолындағы көшелерге де қойылған.
– Ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып отыр. Құлынжон, Аққала және Көкжыра ауылдарында су құбырлары жаңартылуда, ал Самар ауылында су тарту құрылыстары қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл ауылдарға күзге дейін толыққанды ауызсу берілетін болады, – деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.
Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көкжота, Көкжыра және Самар ауылдарында жолдар жөнделіп, Миролюбовкада тротуарлар салынуда. Жұбандық, Қабанбай, Абай, Алтынсарин және Амангелді көшелері мен «Палатцы – Подгорное» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
– Палатцы ауылында ұялы байланыс сигналын күшейту үшін антенна-мачталық құрылыс салынуда. Жаңажол және Қаратүбек ауылдарында мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Карповка ауылында су қоймасына күрделі жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ жылу жүйелерінің қайта жаңғыртылуы басталды, – деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Сонымен қатар, тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында республикалық бюджет пен ҚДБ есебінен тұрғын үйлер сатып алынуда. Ал Бұқтырма су қоймасы жағалауын электрмен жабдықтау желісі де сатып алынуда екені айтылды.