Самар әкімі серпантиндерді түзейтін болды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:25 0

Облыс орталығынан Самар ауданына апаратын жолдағы серпантиндер түзетіледі. Бұл туралы аудан әкімі Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Ағымдағы жылы Самар ауданында екі жылға есептелген жоба басталған. Самар бұрылысы мен Васильев өткелі арасындағы трассаға орташа жөндеу жүргізілмек. Осы маусымда Самардан Баты өзенінің көпіріне дейінгі 22 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, 2025 жылы аудан орталығынан Құлынжон ауылына дейінгі жол толығымен ретке келтірілетіні айтылды.

– Келешекте біз Өскеменге апаратын тас жолдағы серпантиндерді түзеткіміз келеді. Бұл аралықта он үш серпантин бар, ол жөнделсе жол да қысқара түспек, – деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.

Айта кетейік, Күршім көпірі салынып,  Васильев өткелі ашылғаннан кейін Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Үлкен Нарын, Катонқарағай Марқакөл және Алтай аудандарымен, сондай-ақ Абай облысының Көкпекті ауданымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алған.

– Шемонаихадан Зайсанға Көкпекті арқылы емес, Самара тас жолымен келе жатқан жүк көлігі жолды 130 шақырымға қысқартады. Сондықтан біз транзиттік жол желісі мен жол бойындағы сервистің дамуын жұмыстың негізгі бағыттарының бірі ретінде көріп отырмыз, – деді аудан әкімі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив