Өскемен әкімі түлектерге аттестат табыстады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:21 0

Өскемен қаласының әкімі Лев Гумилев атындағы №38 гимназияның  түлектеріне өз қолымен аттестат табыстап, сәт сапар тіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Биыл бұл білім ордасын 48 оқушы тәмамдады. Оның бесеуі «Алтын белгі», сегізі «Үздік аттестат» иегері.

Салтанатты іс-шараға Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қатысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәт сапар тіледі.

– Сіздерге артылар сенім мен үміт зор. Сіздер Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, даңқын асқақтататын азамат болады деп сенеміз, соған тілектеспіз! Жаңа өмірге басқан қадамдарыңызға ақ жол, сәт сапар тілеймін! – деп лебізін білдірген қала әкімі түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив