Өскеменде тағы бір сквер жөнделіп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 12-05-2025, 15:05 0

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының он аумағында абаттандыру жұмыстары басталған. Осы қатарда Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы аумағында айтарлықтай өзгерістер болмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Енді филармония аумағы абаттандырылып, мәдениет сарайы маңының салтанаты арта түспек. Филармония маңындағы субұрқақ қайтадан салынады. Бұрынғы субұрқақтың тостағаны алынып тасталған. Енді ондағы 4 мың метр аумаққа тақтатас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы пайда болады. Оған  екі субұрқақ орнатылады деп жоспарланған.

– Өскеменде тағы бір қоғамдық кеңістік пайда болады. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы маңындағы саябақта абаттандыру жұмыстары жүруде. Мұнда субұрқақты қайта жаңғырту, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ брусчатка төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, жарықтандыру жүргізіледі. Көгалдандыруға да ерекше назар аударылуда. Ондаған жылдар бойы осында өсіп тұрған ағаштар сол күйінде сақталады, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Жаңартылған кеңістік қала тұрғындарын тартатын демалыс орнына айналады — отбасылар серуендеп, балалар ойнап, жастар бас қосады. Жөндеу жұмыстар жақын арада аяқталады деп жоспарланған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив