"Қазақ ауылын құру студент кезден бергі арманым": Өскеменде салынуы мүмкін этноауыл 


Басты 3-07-2024, 11:04 0

Жуырда қалалық әкімдікте жеке азаматтарды қабылдау өтті. Көбісі қаланы дамытуға арналған жаңа бастамаларын ұсынды. Ішінде этноауыл құру туралы идеясын ұсынған Аян Қалымбек те бар. Ол туристер қазақ халқының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне толық қанық болатын этноауылды дамытуды көздеп отыр. Бұл жөнінде Bisdiң Өskemen сайтына кеңірек айтып берді.

«Шығыста қазақы туризм, қазақы демалыс, ұлттық жоғары сервис дамымаған. Қазақ ауылын құру идеясы студент кезден бергі арманым болатын. Өзіме қала тұрғындары үшін де, туристер үшін де әдемі және қазақи демалатын жер жасауым керек деген ойды мықтап түйіп алғанмын»,- дейді этноауыл жобасының авторы Аян Қалымбек.


 

Этноауылға  кез-келген адам барып, демала алады. Қазақы ауылға келушілер киіз үйде демалып, қымыз ішіп нағыз қазақи түрде демалуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ садақ ату, атқа міну, алтыбақан тебу, асық ату, бестас, ақсүйек сияқты ойын түрлері қарастырылған. Сақ моншасын салу да ойында бар екен.

«Егер аталмыш қазақ ауылы құрылатын болса – бұл шығыстағы ішкі туризмнің дамуына үлес қосатын, адамдарға жұмыс орнын ұсынатын бірегей демалыс орны болмақ. Себебі, Өскемендегі барлық мекемелер алыстан келушілерді ұлттық нақыштағы, әрі қалаға жақын жерде демалтқысы келеді»,- дейді Аян Қалымбек.


Әдемі Амангелді

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив