Ваучер арқылы балабақшаға қабылдау ережелері нақтыланды

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 15:04 0

Жаңа оқу жылына арналған балабақшалық топтар 31 тамызға дейін құрылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі мәлімдеді.

Ваучерлік қаржыландыру жүйесі жұмыс істейтін өңірлерде орындарды бөлу 1 шілдеде басталады.

Ваучер алған ата-аналар оны екі күн ішінде растауы керек. Әйтпесе, өтініш жойылады. Өтініш расталғаннан кейін, балабақшаны таңдау мен құжаттарды реттеуге тағы бес жұмыс күні беріледі.

Егер таңдалған балабақшада орын болмаса, баланы электронды күту парағына қоюға болады. Еліміздің қалған өңірлерінде жас топтарына бөлу 1 тамыздан басталады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив