Шығыстың үздік оқушылары саяхатқа шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-07-2025, 12:30 0

Шығыс Қазақстан облысында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық турлары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Оқу-танымдық турларға «Киелі Шығыс» интеллектуалдық конкурсының 200 жеңімпазы қатысуда.

Турды ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы». 

Оқу-танымдық турлар Берел, Киін-Керіш, Таулы Үлбі – Риддер, Сібе көлдері – Таулы Үлбі – Шемонаиха бағыттары бойынша өтеді. 

– Оқу-танымдық турлардың бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сыныптары және туризм негіздері бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар, жергілікті жерде бағдарлау, жаяу маршруттар, спорттық ойындар мен эстафеталар, тимбилдингтер енгізілген. 8-10 шілде аралығында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық туры Өскемен – Берел – Өскемен бағыты бойынша өткізіліп жатыр. Тур аясында оқушылар «Медведский» көк шырша өсіру орман питомнигі, «Баян» марал шаруашылығы, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Берел қорғандары, Шыңғыстай ауылындағы Оралхан Бөкейдің мұражай үйіне, Қатонқарағай ауылындағы «Жас туристер станциясына» барады, – делінген хабарламада.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив