Құтқарушылар балаларға шұғыл әрекет етуді үйретті - ШҚО

сурет: ШҚО ТЖД

сурет: ШҚО ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-07-2025, 10:52 0

Жазғы сауықтыру лагерьлерінде құтқарушылар «Қауіпсіздік күндері» аясында балаларға төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін, ашық терезе маңындағы ойындардың қауіптілігін түсіндірді.

– Ұл-қыздар өрт сөндірушілердің қорғаныс киімімен танысып, құтқарушылармен бірге қызмет атқаратын Хит есімді лабрадор итпен кездесіп, ерекше әсер алды. Сондай-ақ, ТЖМ медициналық орталығының мамандарынан алғашқы медициналық көмек көрсетуді, шартты өртті сөндіру тәселдерін үйренді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив