Алдағы уақытта еліміздегі бірқатар моноқалалардың экономикасын одан әрі әртараптандыру және әлеуетін арттыру көзделген. Бұл қатарда Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалалары бар, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазақстанның моноқалаларын дамытуға 450 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың жауабында айтылған.
– Инфрақұрылымдық мәселелер мен экономиканың нақты секторының дамуын жүйелі шешу үшін Алтай, Балқаш, Жетіқара, Лисаковск, Риддер, Степногорск сияқты қалалардың 2023-2027 жылдарды қамтитын кешенді дамыту жоспары бекітілді. Аталған жоспарды жүзеге асыру үшін мөлшері 456,6 млрд теңге болатын 326 іс-шара қарастырылған, – делінген Үкімет басшысының жауабында.
Жалпыхалықтық жоспардың 22 бөлімі аясында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 78 көрсеткіші бойынша сараптама жүргізіліп, олардың санаты анықталып, әртараптандыру деңгейіне байланысты үш топқа бөлінген.
Деверсификациялау алдында тұрған қалалар қатарында Теміртау, Екібастұз, Рудный, Кентау, Сетпногорскі бар.
Тұрақты дамып келе жатқан, экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін қажетті әлеуеті бар қалалар: Жаңааөзен, Сәтпаев, Балқаш, Құлсары, Риддер, Ақсау, Абай, Хромтау, Лисаковск, Шахтинск, Алтай.
Әлеуметтік-экономкалық дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын қажет ететін қалалар: Жетіқара, Қаражал, Курчатов.