«Ертіс» пен «Алтай» өзара мықтыны анықтайды

Фото: Kffleague.kz

Фото: Kffleague.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-07-2025, 10:34 0

Бүгін футболдан Бірінші лигада 13-тур ойындары басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

10 шілдеде «Ақтөбе-2» мен «SD Family» (Астана), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «Тараз» ойнайды.

Ал 11 шілдеде «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Түркістан», «Ертіс» (Павлодар) пен «Алтай» (Өскемен) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Дәл қазір жалпы есепте «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» және «Алтай» командалары көш бастап тұр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив