SIMOC-2025:Жәңгір Сингапурден жеңіспен оралды

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-07-2025, 11:00 0

Бұған дейін де бірнеше мемлекетте өткен олимпиадада топ жарған Жәңгір Дастанұлы бұл жолы да олжалы оралды. Ол Сингапурде өткен SIMOC-2025 халықаралық математика олимпиадасында күміс медаль иегері атанып қайтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Талай додада топ жарған Жәңгір Дастанұлы №25 облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 3А сынып оқушысы. Жүлдемен оралған Жәңгірді сыныптастары мен ұстаздары әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды.

Ол қатысқан SIMOC (Singapore International Math Olympiad Challenge) – әлемнің 37 елінен келген 2380 қатысушыны біріктірген ауқымды білім додасы. Жәңгір бұл жарыста жекелей турда күміс, топтық есепте алтын медаль жеңіп алды.

Жәңгірдің жеңісі – кездейсоқтық емес. Ол бұған дейін де бірқатар халықаралық додаларда ел мерейін үстем еткен. Атап айтқанда:

        FEMO–2024, Ташкент қаласы – алтын медаль

        IJMO–2024, Стамбұл қаласы – қола медаль

        FEMO–2025, Баку қаласы – күміс медаль

        SIMOC–2025, Сингапур – күміс медаль

Айта кетейік, Қазақстанның атынан бұл додаға 14 оқушы қатысқан, олардың барлығы – дәл осы №25 мектеп-лицейдің шәкірттері. Олимпиадаға қатысу үшін мектеп ішінде бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу турлары өткізілді. Барлығы бейнебақылау арқылы қадағаланып, нәтижесінде үздіктерге Сингапур тарапынан бөлінген 14 квота берілген. Бұл – аталмыш білім ордасының жоғары деңгейдегі дайындық жүйесінің, кәсіби ұстаздар құрамының және балалардың ынта-жігерінің нәтижесі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив