Өскемендегі «Сәулетай» саябағы жаңарады

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-07-2025, 10:00 0

Өскемен әкімі Алмат Ақышов «Сәулетай» саябағының жағдайын тексеріп, саябақ басшылығына қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шаһар басшысының айтуынша, бұрын қала тұрғындарының сүйікті серуен орны болған бұл мекен бүгінде қараусыз қалып, тартымын жоғалта бастаған. 

– «Сәулетай» саябағының жағдайын тексердім. Тексеру барысында аумақтың күтімі нашар екені, тазалық пен тәртіптің сақталмай отырғаны анықталды. Бұл жағдай тұрғындардың демалысына кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған байланысты саябақ басшылығына қатаң ескерту жасалып, жауапты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды. Кемшіліктерді жою, инфрақұрылымды ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді, –  дейді қала әкімі.

Алдағы уақытта саябақ қайта жаңғыртылып, кешенді жұмыстар жүргізіледі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив