Өскемендегі кісі өлімі: тағы үш күдіктіні іздеп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-06-2025, 14:55 0

Өскеменде жас жігітті өлтірді деген күдікке тағы үш адам ілікті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Қылмысқа қатысы бар адамдардың жеке басы анықталды. Оқиғаға қатысы бар үш күдікті ұстау изоляторына қамалды. Тағы үш күдіктіге іздеу жарияланды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін үш күдікті ұсталғаны жөнінде хабарлаған едік. Полиция мәлімдегендей тағы үш күдікті іздестірілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив