Тоғыз тұрғынды эвакуациялап, 8 пәтерді өрттен қорғап қалды

ЖАҢАЛЫҚТАР 2-06-2025, 10:15 0

Кеше кешке ШҚО Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде екі қабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде баспалдақтың ағаш конструкциялары, терезе блоктары, пәтерлердің кіреберіс есіктерінің қоршаулары мен қаптамалары өртенді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер жағдайды бағалай отырып, жалынның бетін қайтарған. Олар жабық кеңістіктерде суды барынша тиімді шашатын біріктірілген өрт оқпандарын дереу іске қосқан.

– Екінші қабаттағы балконнан өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 9 тұрғынды эвакуациялады. Өрт пәтерлердің ішіне таралмай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖД тұрғындарға қырағы болып, отпен абайсыздықты болдырмауды талап етеді!


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив