ШҚО-да жас мамандар дипломмен ауылға ғана емес, шағын қалаларға да баруы мүмкін

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:29 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Шығыс Қазақстан облысынан сайланған депутаттары Ольга Булавкина және Шәкәрім Бұқтұғұтовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Ольга Булавкина мен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Шәкәрім Бұқтұғұтов облыс әкіммен бірге ШҚО дамуына қатысты негізгі мәселелерді талқылады.

«Шығыс Қазақстан – еліміздегі ең бірегей өңірлердің бірі. Сондықтан туризм кластерін дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Облыс бай табиғи және мәдени мұраға ие, ал біздің міндетіміз – осы әлеуетті толық ашуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастыру және оның тұрғындарға нақты пайда әкелуін қамтамасыз ету», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесуде сондай-ақ дәрі-дәрмек тапшылығы мен орта және кіші медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі, жолдарды жөндеу мен салу, экология, жастар орталықтары мен ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысы сияқты мәселелер де қозғалды. Сонымен қатар, Шемонаиха, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларындағы медицина кадрларының тапшылығы мәселесі көтерілді. Қазіргі таңда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы тек ауылдық елді мекендерді қамтиды, сондықтан бұл бағдарламаның аясын шағын қалаларға дейін кеңейту қажеттілігі атап өтілді. Депутаттардың айтуынша, бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданатын болады. Әкімнің айтуынша, кездесу мазмұнды әрі сындарлы өтті. Мұндай кездесулер өңір алдында тұрған мәселелерді кешенді түрде шешуге және ілгері жылжуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, депутаттар Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымдағы үшінші сессиясы 30 маусымда аяқталған соң, өңірлерге сапармен шықты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив