Репродуктивті денсаулық апталығы аяқталды. ШҚО қанша адамды қамтыды?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:22 0

Қазақстандағы репродуктивті денсаулық апталығы аяқталды. Апталықтың соңғы нүктесі республикалық дөңгелек үстел болды. Қортынды жиында Шығыс Қазақстан облысының белсенді қатысқаны атап өтілді, дер хабарлайды Bizdinoskem.

Қортынды шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың (соның ішінде ЮНЕСКО) және азаматтық сектордың өкілдері қатысты. 

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырды.

Іс-шара гибридті форматта өтіп, елдің барлық өңірлерінен қатысушыларды қамтыды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының белсенді қатысқаны атап өтілді. Басты тақырыптар ретінде жыныстық тәрбие, аналық денсаулықты сақтау, денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық тәжірибені енгізу, ағартушылық коммуникацияны дамыту және жастар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.

Апталық аясында ерекше назар жасөспірімдер мен жастарға аударылды. Тек Шығыс Қазақстан облысының өзінде 300-ден астам іс-шара өткізіліп, 13 мыңнан астам адам қамтылды. Олардың 8500-ден астамы — жас қазақстандықтар. Олар дәрігерлерден тегін кеңес алып, ЖЖБИ және АПВ-ға тест тапсырып, онлайн платформалар мен медиа арқылы кеңінен ақпараттандырылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары ведомстволар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша бірыңғай білім беру стратегиясын құру қажеттігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жастардың хабардарлығын арттыруға, медициналық және кеңес беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ тиісті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды.

Репродуктивті денсаулық апталығы ел болашағына — жас ұрпаққа және әр азаматтың сенімді ақпарат пен сапалы медициналық қызметке қол жеткізу құқығына назар аударылғанын көрсетті.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив