Өскеменде мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:16 0

Облыс орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шара Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының  қолдауымен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауыл, аудан және қала мәдени ошақтарының үздік қызметкерлері марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев мәдениет және өнер қызметкерлеріне алғыс білдіріп, мәдениет саласының өкілдерін құттықтады.

Салтанатты жиын аясында «Экстази» шоу-балеті, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының әртістері, «In coro» тобы қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан өнер мұражайының көркемөнер көрмесі, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі мен фотокөрмені жиынға жиналған көпшілік қызыға тамашалады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив