ШҚО ауылдарының бірінде оңалту және дамыту орталығы ашылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:54 0

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту және дамыту орталығы ашылады, деп хабарлайды Bizdinoskem.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновпен және «Baquatty aimaq qory» қорының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесудің барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде аутистік спектр бұзылыстары бар балаларды оңалту және дамыту орталығын құру жобасын іске асыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталығы» КММ ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Болашақ орталықтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті қосымша мамандандырылған кабинеттерді орналастыру үшін босатылған амбулаториялық үй-жайларды қайта жабдықтау мүмкіндіктері зерделенді.
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төртінші Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда және әрбір облыс орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға, оқытуға және дамытуға арналған заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы айтарлықтай әлеуметтік маңызға ие, инклюзивті қолдау жүйесін нығайтуға ықпал етіп, өңірдегі отбасылар үшін арнайы қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттырады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив