Облыс орталығында өтетін «Kazakhstan Fashion Week Oskemen» шарасына келген тәжікстандық және грузиялық танымал дизайнерлер сән апталығына алып келген топтамалары жайлы айтты.
Аалдағы сән көрсетілімі әртүрлі ұлттардың этникалық стильдерін заманауи үлгілермен ұштастыру арқылы ерекше форматта өтеді.
“Сән кешінің негізгі мақсаты
-өзіміздің қаламыздың дизайнерлерін, сән саласындағы модельдерін жаңа деңгейге шығару, кәсібилігін шыңдау, әлемдік деңгейге шығуға қадам жасау”- деді Kazakhstan Fashion Week Oskemen сән көрсетілімінің ұйымдастырушысы Лилия Каирова
Дизайнерлердің көпшілігі ұлттық нақыштағы элементтер мен заманауи трендтерді үйлестіре отырып, жаңа сән бағытын қалыптастыруға ниетті екендерін атап өтті. Бұл Kazakhstan Fashion Week Oskemen шарасын мәдени әртүрлілікті дәріптейтін маңызды платформа ретінде көрсетеді.