Қаламгер тойына орай этнокуйз өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:11 0

Катонқарағай ауданында көрнекті жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына орай "Этнокуиз"  танымдық- зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.

Зияткерлік сайысқа өңірдің әр түкпірінен келген командалар қатысып, білім мен тапқырлықтарын ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша жоғары білім мен тапқырлық танытқан "Арайлы Катонқарағай" тобы 1-орынды иеленді. Өскемен қаласынан келген "Бұқар жырау" тобы 2-орынды қанжығасына байласа, Самар ауданынан келген команда 3-орынға тұрақтады.

Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай жүлделер табысталды.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив