Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауын өткізді. Байқауға облысымыздың әр ауданындағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазақ тілінің дамуына, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған байқау биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының әр ауданындағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, тіл үйрету әдістемесі, шеберлік сабақтары және жобалық жұмыстар арқылы өз білім-білігін танытты.
– Бұл байқау мен үшін кәсіби өсуге үлкен серпін берді. Әріптестерімнің тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік тұрғыда көп жаңалық білдім. Қазақ тілін оқытудың түрлі тәсілдерін жетілдіру – біздің ортақ мақсатымыз. Осындай байқаулар арқылы өз ісімізге деген сүйіспеншілігіміз арта түседі. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – деqді жеңімапз Бағжан Елсінбекқызы.
Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Айгүл Еркінбекқызы Акимаева (Алтай ауданы),
І орын – Әйгерім Мұратбекқызы Бексатова (Глубокое ауданы),
ІІ орын – Бақжан Елсінбекқызы (Ұлан ауданы),
ІІІ орын – Лаура Жомартқызы Кезенбаева (Самар ауданы) иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мұндай байқаулар тілді оқыту саласындағы үздіктерді анықтап қана қоймай, олардың шығармашылығы мен тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын бұл байқау болашақта да жалғасын табатыны сөзсіз.