2025 жылдың аяғына дейін қанша адам баспана алады?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:13 0

2025 жылдың аяғына дейін қанша қазақстандық баспана ала алады? Бұл сұраққа Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жауап берді.

Министрлік мәліметінше, биыл Қазақстанда 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр: бұл 176 мыңнан астам пәтер. Ел бойынша 654 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтар, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен әскери қызметшілер, көпбалалы аналар мен жетім балалар, апатты үйлерде тұратындар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар.

«Биыл республика бойынша 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бойынша кемінде 10 мың пәтер және несиелік тұрғын үй бойынша 10 мың пәтер. Сонымен қатар, "Наурыз" бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен қосымша 20 мыңға жуық адам жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана алу мүмкіндігіне ие болады», – деді спикер.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда 18,9 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 170,5 мың пәтер салынған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив