Таза Қазақстан: Тарбағатайлықтар саябақты тазартып, гүл екті

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:33 0

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Қабанбай ауылдық округі әкімшілігінің ұжымы «Табиғатты аяла – гүл отырғыз!» атты экологиялық акцияға белсене қатысты. 

Қызметкерлер әкімшілік ғимараты аумағы мен «Ауылым – алтын бесігім» саябағын тазартып, түрлі-түсті гүлдер отырғызу арқылы ауыл келбетіне ерекше сән берді. Атап айтқанда, 120 дана петуния гүлінің әртүрлі түсі егілді. Алқызыл, көк, ақ және күлгін түсті бұл гүлдер мекеме мен саябақтың ажарын аша түсті.

Петуния гүлі – түрлі-түсті, хош иісті, ұзақ гүлдейтін сәндік өсімдік. Ол тек табиғатты көріктендіріп қоймайды, сонымен қатар жанға жайлылық пен тыныштық сыйлайды. Әр отырғызылған гүл – болашаққа қалдырылған жасыл аманат, табиғатпен үйлесімді өмір сүру мәдениетінің белгісі.

«Табиғатты аяла – гүл отырғыз!» экологиялық акциясының мақсаты – тек аумақты көркейту емес, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалық пен экосананы қалыптастыру. Бұл – қоғамның әр мүшесі үлес қоса алатын ортақ іс.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив