Облыс орталығында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Жетісу, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан энергетика саласы бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтарын анықтау және қолдау және энергетика саласында инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.
Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлері анықталды:
Алтын медаль – Алматы қаласы, Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің аға шебері Бектөре Садақбаев;
Күміс медаль – Павлодар облысы, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК өндірістік оқыту шебері Леонид Граф;
Қола медаль – Астана қаласы «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК аға шебері Медет Көшербайұлы, Ақмола облысы, «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК өндрістік оқыту шебері Данияр Кульшарипов.
«Үздік маман» номинациясының иегерлері:
Батыс Қазақстан облысы «Бөрлі» колледжінің өндірістік оқыту шебері Еламан Беков;
Қарағанды облысы, «Абай Құнанабаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Вячеслав Блок;
Шығыс Қазақстан облысы, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері Медет Манышев;
Жамбыл облысы, «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК шеберхана меңгерушісі Жасұлан Қойшыбай;
Алматы облысы, «Шелек политехникалық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Нұржан Советжанұлы;
Жетісу облысы, «Ақсу агротехникалық колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пән оқытушысы Руслан Жақсылықов.