Бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4430 түлек мектеп бітіріп жатыр. Оның 368-і «Алтын белгіге», 403-і үздік аттестатқа үміткер, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақатағанов пен Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің түлектеріне сәттілік тілеп, салтанатты шараға қатысты.
– Биыл бұл мектепте 16 «Алтын белгі» және 14 ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер тіркелген. Ол өте жақсы көрсеткіш, сапалы берілген білімнің нәтижесі. Оның артында ұстаздардың күндіз-түні тынбай еткен еңбегі тұр. Сондықтан мектептің білім беру мүмкіндігін одан әрі жоғарылату облыстық білім басқармасы мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына екі жаңа модификациялық кабениет жабдықтау үшін қаржы бөлуге тапсырма беремін, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Шара соңында облыс әкімі мектеп-лицейдің жұмысымен жақынырақ танысып, ұстаздарен тілдесті.
Айта кетейік, биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара уақыты 23 мамырға өзгертілген.