Өскеменде 189 түлек «Алтын белгі» иегері атануға үміткер

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:17 0

Өскемен мектептерінде оқу жылы қорытындыланады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 4 129 оқушы 9 сыныпты аяқтайды. Олардың 461-і ерекше үлгідегі аттестатты алуға үміткер. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (2024 жылы – 455). Сонымен қатар 2 003 оқушы (48,5%) оқуын колледжде жалғастыруды жоспарлап отыр.

11 сыныпты 1 899 түлек тәмамдайды. Олардың 1 520-сы (80%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Жоғары оқу орындарына түсуге 1 579 түлек (83%) ниетті, ал 93-і колледж таңдаған. Қаңтар мен наурыз аралығында 1 356 оқушы сынақ тестілеуінен өтті (бұл ЖОО-ға түсуді көздегендердің 85%-ын құрайды).

Биыл «Алтын белгі» иегері атануға 189 түлек үміткер, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп (2024 жылы – 107). Үздік аттестатқа 215 оқушы үміт артып отыр (2024 жылы – 196).

Мемлекеттік емтихандар әдеттегідей форматта өтеді: 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында.

Жалпы облыс орталығында 52 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 49-ы мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік. Жалпы оқушы саны – 47 223 бала.

Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар барлық мектептерде 23 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив