Шығыста 30 градус ыстық болады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:06 0

Шығыс өңірінің солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы күрт жоғарылап, өрт қаупі күшейеді. Тілсіз жау қауіп төндіретін аймаққа Өскемен де кіреді.

 Ертең ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін көтеріледі деп күтіледі.

ШҚО ТЖД еске салады:

егер белгілі бір аймақта өрт қаупінің жоғары режимі енгізілсе, қауіп жойылғанға дейін орманға баруға қатаң тыйым салынады; 

табиғатта және жеке учаскелерде от жағуға тыйым салынады;

Өрт тұтанған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив