Облыс орталығындағы «Жеңіс» мемориалдық кешенінде «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шараға жиналған көпшілік әуелі театрландырылған қойылымды тамашалап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Мәңгілік алауға” гүл шоқтарын қойып, майдангерлердің рухына тағзым етті.
Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметі департаментінің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
– Аса қадірлі ардагерлер, құрметті жерлестер - баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ел бірлігінің, қайсар рух және туған жерге деген адалдықтың мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты деп атап өткен болатын. Аға буын өкілдері Отанды шексіз сүюдің, елдік пен ерліктің, батылдықтың пен батырлықтың озық үлсін көрсетті. Адамзат тарихындағы сұрапыл соғыс әр отбасыға, әр азаматтың жүрегіне қаралы із қалдырды. Майданға 90 мыңнан астам шығысқазақстандық азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ. Отан үшін ерлікпен шайқасып көз жұмды. Бүгін арамызда соғыс ардагерлері, тың еңбеккелері отыр. Біз бейбіт өмір үшін жанын беріп, тер төккен алдыңғы толық ардагер ағаларымызды, ұрыс даласында мерт болған боздақтарға бас иіп тағзым етеміз. Батыр бабаларымыздың ерең еңбегін ешқашан ұмытпаймыз! – деді аймақ басшысы.
Шара барысында Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасып қаза тапқан шығысқазақстандық батырлардың рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды.