+30 градус. Шығыста аптап ыстық болады

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-05-2025, 17:00 0

Еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі күшейеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 6 мамырда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.  

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Өскемен қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

7-9 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылайды деп күтілуде.  

ШҚО ТЖД ескертеді: 
– егер нақты жерде ерекше өртке қарсы режим енгізілсе, оны жойғанға дейін орманға баруға қатаң тыйым салынады. 
– өрт қауіптілігі жоғары кезде табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив