Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты түнгі уақытта тыныштықты бұзу және бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері материалдар жинап, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолдады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
-Қонаққа шақырылған жігіт үйге кіре алмаған соң кіреберіс есікті тепкілей бастаған, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған, деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуір күні түнде Сәтпаев көшесіндегі 55/10 үйдің есігін белгісіз ер адам бүкіл күш-қуатын салып тепкілеген. Сыртқы бақылау камераларынан алынған бейнежазба әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
ШҚО Полиция департаменті барлық азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналадағы адамдардың құқықтарына құрметпен қарауға шақырады.