Мамырдың басында едел-жедел үш мереке тойланады. Осыған орай мамыр айында қазақстандықтар үш күн қосымша демалады.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Биыл мереке бейсенбіге түсіп отыр, сондықтан бұл күні бір күн ғана демалыс беріледі. Ал 2 мамыр, жұма – жұмыс күні.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді және қазақстандықтар демалады. 8 мамыр, бейсенбі – жұмыс күні.
9 мамыр – Жеңіс күні. Ол жұма күніне түсіп отыр, сондықтан бұл күн де ресми демалыс болып саналады. Одан кейінгі сенбі мен жексенбі – 10 және 11 мамыр – әдеттегі демалыс күндері. 12 мамыр, дүйсенбі – жұмыс күні.
Осылайша, мамыр айында ел тұрғындары үш күн – 1, 7 және 9 мамырда қосымша демалады.