Өскеменде «Shygys Madeniet Turnir» волейбол жарысы өтіп жатыр. Оған облыс орталығы мен аудан-қалалардан келген 100-ден астам өнер иелері – асабалар, әншілер, фотографтар, мобилографтар, театр студияларының өкілдері мен мәдениет қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өнер иелеренің басын қосқан Shygys Madeniet Turnir» воллейбол сайысының мақсаты салауатты өмір салтын ұстанудың, ұжымдық жұмыстың маңыздылығын және спорт арқылы шығармашылық әлеуетті дамытуды насихаттау.
– Бүгінгі шара – Президент Жолдауында айтылған креативті индустрияны дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Басты мақсатымыз – көлеңкеде қалып жүрген өнер иелерін заңды алаңға шығару. Бұл турнир – оларға қолжетімді ақпарат берудің алғашқы қадамы, – деді ШҚО филармониясының режиссері, креативті индустрия кураторы Нұрлан Серікбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубок және алғыс хаттармен марапатталады.