ШҚО-да оқушылар құтқарушылар қызметімен танысты

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-04-2025, 12:00 0

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шарада оқушылар құтқарушылардың қызметімен танысты. Өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен сүңгуір құралдарын киіп, өздерін бір сәт қаһарман ретінде сезінді.    

Кәсіби құтқарушылар балаларға өртті сөндіру, жаңа жүрдек қайықтарда адамдарды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетті. Мұндай ашық есік күндері балалармен байланыс орнатып, қауіпсіздік негіздерін тиімді үйретуге көмектеседі.  

– Балалар біздің іс-шараларға әрқашан белсенді қатысады, біз  өскелең ұрпаққа заманауи тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін табуға тырысамыз. Ұлдар мен қыздар мұндай күндерді ұзақ уақыт есте сақтайды және болашақта олар тіпті құтқарушылар қатарына қосылуы мүмкін, – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Исхар Савазов. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив