Шығыс жастары ардагерлерді ардақтайды

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-04-2025, 10:46 0

Шығыс өңірінде Ұлы жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін қолдауға бағытталған «Ардагерім – ардағым» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Биыл бұл игі бастамаға 300-ден астам еріктілер ат салысуда. Бүгінге дейін 24 іс-шара өткізілді. Еріктілер әрбір ардагерге ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетіп жатыр.    

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция аясындағы жұмыстардың ауқымы кеңейе түседі. Белсенді жастар бүгінгі ұрпақтың келешегі үшін күрескен жанкешті жандарға қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

«Ардагерім – ардағым» акциясы 8 мамырға дейін жалғасады және алыс ауыл-аймақты тұтас қамтиды.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив