Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

ЖАҢАЛЫҚТАР 26-04-2025, 17:09 0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы бірқатар энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады.

Сапардың алғашқы нысандарының бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС болды. Бүгінде станцияның белгіленген қуаты жылу бойынша 859,9 Гкал/сағ және электр энергиясы бойынша 372,5 МВт құрайды. Кәсіпорында 75-тен 500 тоннаға дейінгі өнімділігі бар 9 қазан агрегаты және 4-тен 120 МВт-қа дейінгі қуаттылығы бар 8 турбоагрегат жұмыс істейді. ЖЭО-да 600-ден астам адам еңбек етеді. Алдағы уақытта №13 жаңа турбоагрегат пен №16 қазан агрегатын салып, қоршаған ортаға таралатын зиянды шығарындыларды азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, жаңа күл үйіндісін салу және негізгі бу құбырын жаңарту жоспарлануда.

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары «Согра ЖЭО» ЖШС-не де барды. Станцияның белгіленген қуаты жылу бойынша 168 Гкал/сағ, электр энергиясы бойынша 75 МВт құрайды. Қолданыстағы қуаты – 108 Гкал/сағ жылу энергиясы және 62 МВт электр энергиясы. 2024 жылы жылдық жылу өндіру көлемі 262,3 мың Гкал құрады.

Новая Согра кентінде кәріз тазарту құрылыстарының кешенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында 18×100 метрлік негізгі корпус, бірнеше кәріз сорғы станциялары, аэротенктер, тұндырғыштар, лай алаңдары, электрмен жабдықтау желілері, бейнебақылау және периметрді күзету жүйелері салынады. Сондай-ақ аумақты абаттандыру, көгалдандыру және автокөлік жолдарын салу жұмыстары қарастырылған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив