Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Сессия аясында Қазақстан Республикасының Президенті ШҚО бойынша «Ассамблея Жастары» төрағасын «Шапағат» медалімен марапаттады.
Ассамблея биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Астана төрінде өткен ауқымды шараға еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Айтулы күнге орай мемлекет басшысы ұлтаралық келісім, достық пен қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында – Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ассамблея Жастары» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юнусов Равиль Александрович та болды. Ол белсенді әрі жемісті қызметі, мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.
«Шапағат» медалі 1993 жылы тағайындалған, ол қоғамдық және қайырымдылық қызмет саласындағы ерекше еңбектерді мойындаудың белгісі болып табылады.