Биыл Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жазғы демалыста жаңа жоба аясында өңірдің киелі жерлерін аралайтын болады. Олар демалы жүріп «Берел қорғандары» ашық аспан астындағы музейін, Қиын-Керіш шатқалын, киелі нысандар мен ұлттық табиғи парктерді аралайтын болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Киелі Шығыс» жобасына аясында 200-ге жуық оқушы өңірдегі тарихи орындар киелі жерлерді аралайтын болады. Бағдарлама аясында ШҚО-ның тарихи ескерткіштері мен табиғи нысандарын қамтитын білім беру бағытындағы туристік маршруттар қарастырылған.
– Жоба оқушылардың туған өлке тарихы мен мәдениетін терең тануына, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар «Киелі Шығыс» жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, ата-баба мұрасына деген құрметті арттыруға, табиғи ортада бағдарлану мен дербес туризм дағдыларын дамытуға ықпал етеді, – деді жоба туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Аталған бағдарлама 7-10 сынып оқушыларына арналған. Маршруттар облыстың барлық аудандарынан жиналған балаларды қамтиды. Оқушылар «Берел қорғандары» ашық аспан астындағы музейі, Қиын-Керіш шатқалы, киелі нысандар мен ұлттық табиғи парктерді аралап, өлке тарихымен танысатын болады.
Турлар бірнеше бағытта өтетін болады. Экскурсиялық бөлім аясында археологтар мен өлкетанушылардың жетекшілігімен Берел қорғандары мен көне қоныстардың қирандыларына барады. Ал тәжірибелік сабақтар аясында туризм негіздеріне арналған мастер-класстар, палатка құру, карта мен компас арқылы бағдарлану, бастапқы альпинистік машықтар жасайтын болады. Сондай-ақ мәдени-танымдық сессиялар аясында қазақ халқының тарихы, дәстүрлі қолөнер, фольклорымен таныса алады. Оқушылар жоба аясында нтерактивті дәрістер мен сабақтарға дат қатысады. Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарды тазалау, көшет отырғызу және экожүйелерді бақылау шараларыда ұйымдастырылатыны айтылды.
– Бұл жоба жас буын үшін де, аймақтық туризмді дамыту үшін де маңызды. Болашақта ол тұрақты балалар-жасөспірімдер туристік қозғалысының негізіне айналуы мүмкін, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Жоба өлкетану қоғамы мен ұлттық парктердің қолдауымен жүзеге асырылмақ. Экспедицияларға тәжірибелі гидтер, педагог-кураторлар, эколог мамандар мен медицина қызметкерлері бірге барады.