Облыс орталығындағы әнші-субұрқақтар іске қосылады. Қазір коммуналдық қызмет мамандары субұрқақтарды тазалап, дайындап жатыр.
Өскемен әкімдігінің мәлімдеуінше, осы маусымда Республика алаңындағы субұрқақтың музыкалық бағдарламасы жаңарады.
«Маусым бойы репертуарды жаңартып отырамыз. Субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады. Әзірге жаңа репертуар қандай болатыны белгісіз, бұл мәселесе талқыланып жатыр», - деді қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері.