Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттері Республикалық «Еңбек кубогы» спартакиадасынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында 15-18 сәуір күндері «Еңбек кубогы» спартакиадасы өтті.
Спорттық сайысқа Шығыс Қазақстан облысының командасы нәтижелі қатысып қайтты. «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы, «Шахмат» және «Үстел теннисі» спорт түрлері бойынша «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жоғары IT колледжінің командасы, «Волейбол» спорт түрі бойынша (қыздар арасында) «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғары колледжінің командасы, «Волейбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы, «Баскетбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Көлік және тіршілік кауіпсіздігі колледжі» МЕМ колледжінің командасы қатысып, спорттық додада бақ сынады.
Нәтижесінде ұлдар арасында «Волейбол» спорт түрі бойынша жүлделі бірінші орынды «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы, «Тоғызқұмалақ» спорт түрі бойынша екінші орынды «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы иеленді.