Үкіметте Өскемен мен Риддердің жылу орталығы туралы айтылды

ЖАҢАЛЫҚТАР 14-04-2025, 09:59 0

Үкімет 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын қорытындылады.

Үкімет қабылдаған шаралар нәтижесінде 10 энергия блогына, 55 қазандыққа және 45 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл ЖЭО мен жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту үдерісін бастауға мүмкіндік берді.

Бұл шаралар электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар санын 27%-ға (1070-тен 782-ке дейін), ал температуралық кестені сақтамау жағдайларын 67%-ға (215-тен 65-ке дейін) төмендетуге мүмкіндік берді.

Маңызды жетістік ретінде 12 ЖЭО жағдайының жақсаруын атап өтуге болады: оның 9-ы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, ал 3-уі «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Нәтижесінде, «қызыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 19), «сары» аймақта 17 ЖЭО (бұрын 11), «жасыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 7) қалды. Көрсеткіштерін жақсартқандар қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа да стансалар бар. Айрықша назар «МАЭК» ЖШС, Ақтау жылу желілеріне және Степногорск, Теміртау ЖЭО жұмысына аударылды.

Сонымен қатар келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жұмыстары жоспарланған, кейбір жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.

Күн жылынған соң 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив