Биыл 13 мектеп салынады - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-04-2025, 11:55 0

Шығыс өңірінде өткен жылы 4100 оқушыға арналған 10 мектептің құрылысы жүргізілген болатын. Жыл көлемінде 7 нысан бой көтеріп, пайдаға берілді. Ал биыл 13 білім мекемесінің құрылысы жүреді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылына орай 10-11сыныптың 149 оқушысы мектеппен қатар 4 колледжіде басым бағыттар бойынша білім алып шығады. Өңірдегі 9 мемлекеттік колледжге жаңа мамандар даярлау үшін 530 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат заманауи техника мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Сонымен қатар «Білікті маман» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды оқушыларға сұранысқа ие мамандықтардың 270 гранты бөлінді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив