Шығыс Қазақстан облыс орталығында өтіп жатқан волейболдан ел чемпионатының ақтық кезеңіне талдықорғандықтан «Жетісу» мен өскемендік «Берел» шыққан болатын. Алаң иелері алғашқы ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өскемендік қыздар бірінші сетте 25:17 есебімен алға шыққан. Алайда екінші сетте талдықорғандықтар айқын басымдық танытты. Сол басымдықтықты сақтап, матчты 25:20 есебімен түйіндеді. Жалпы есеп 3-1, қонақтар чемпиондық атаққа жақындай түсті.
Бүгін қос клуб екінші финалдық кездесуін өткізеді.