«Берел» финалға өтсе, «Жетісумен» күш сынасады

ЖАҢАЛЫҚТАР 7-03-2025, 17:46 0

фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Өскеменде өтіп жатқан ел біріншілігінің жартылай финалында «Жетісу» командасы түркістандық «Тұранды» тізе бүктірді. Осылайша талдықорғандықтар финалда қарсылас күтіп тұр. 

Ал кеше Шығыстың «Берелі» Солтүстік Қазақстан намысын қорғайтын «Қуаныш» командасымен кездесті. Жартылайфиналдық бәсекенің алғашқы ойынында алаң иелері айқын басымдық танытып, 3:0 (25:23, 25:19, 25:22) есебімен жеңіске жетті. Яғни финалға бір табан жақын тұр.

Өскемендік волейболшы қыздар бүгінгі ойында жеңіске жетсе тікелей ақтық кезеңге өтіп, «Жетісумен» шеберлік байқасады.

Айта кетейік, өткен жылы «Берел» күміс жүлдеге ие болғанда, қазіргі қарсыласы «Қуаныш» командасы үздік үштікті түйіндеген болатын. Волейбол жанкүйерлерін тартысты бәсеке күтіп тұр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив