Киножобаларды іріктеу байқауы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-03-2025, 11:28 0

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" киножобаларды іріктеу байқауын жариялады.

Киножобалар екі кезең бойынша іріктеледі. Бірінші кезеңде фильм сценарийі немесе сценарий жоспары қаралады. Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаты жинақталады.

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Орталыққа сценарийлерді қарауға өтінімді, PDF форматында сценарийлерді, авторлық шарт пен жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтініш беруші мен сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты жіберуі қажет. Өтініш беруші фильмнің әр түрі, ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер бойынша тек 2 сценарий ұсына алады.

Құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданады.

«Біздің мақсатымыз – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта іріктеуге қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында тұрақты жарияланатын болады. Конкурстық іріктеуге қатысты сауалдарыңыз болса, Кино орталығы жанынан кеңес беру қызметі ашылғанын хабарлаймыз! Бұған дейін осы жылғы киножобалар конурсына арналған басым тақырыптар тізімі жарияланған болатын. Киногерлер тұшымды дүние дайындап, көрерменге сапалы дүние ұсынуға күш салады деп сенеміз», – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив