Шығыс өңірінің жастары «Анама хат» деп аталатын онлайн челленджі бастады.
Бұл челлендж отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, ана рөлін және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
«Сіздерді, шұғылалы көктемнің ерекше мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай, онлайн челленджге қатысуға шақырамыз! Әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, өміріміздің мәні бола білген асыл аналарымызға арналған «Анама хат» челленджі 7 наурызға дейін жалғасады», - делінген хабарламада.
Челленджіге кез-келген адам қатыса алады.
Қалай қатысуға болады?
1. Анамызға хат жазып немесе бейнеролик арқылы өзіміздің шынайы сезімдерімізді, алғысымыз бен құрметімізді білдірейік.
2. Жазған хатыңызды немесе роликті әлеуметтік желілерде #Анамахат хештегімен жариялап, анаңызды белгілеуді ұмытпаңыз!
3. Достарыңызды челленджге қосылуға шақырыңыз!